«Елтай орта мектебі» КММ
Тәлімгерлік туралы өткізілген жұмыстың есебі
Мектеп әкімшілігіне тәлімгерлік жоспарын таныстыру, талдау, бекіту. Тәлім алушыны анықтап, жұмыс доспарын бірлесе анықтадық.
Тәлім алушының күнделікті сабақтарына қатыстым, «Не болып жатқанын» анықтау барысында тәлім алушымен әңгімелесу арқылы , проблеманы анықтап, шешу жолдарын анықтадық.
Тәлім алушының сыныбына үлгі сабақтар жүргізді. Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін бақылап, әдіс-тәсілдерді сұрыптадық.
Оқытудың сындарлы теориясының мақсатын түсінуіне, өз сабақтарында қолдана білуіне ықпал жасадым, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмаларды жүйелеп беруді түсіндірдім.
Кәсіби көмек ретінде оқытудың жаңа технологиялары және оларды мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жұмыстарындағы қиыншылықтарды үйреттім.
Тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысты.
Тәлім алушының сабақтарына қатыстым. Тәлім алушының жұмыстарындағы өзгерістерді көріп, көмек беру арқылы мәселені анықтап, тәжірибеде талдау жасадық.
Сабақ түрлері мен оларды саралау жолдарымен танысты.