"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кәдімгі" балалардың ата-аналарын инклюзивті білім беруге дайындауды қалыптастыру

07.03.2018

"Кәдімгі" балалардың ата-аналарын инклюзивті білім беруге дайындауды қалыптастыру

Ата-аналарды инклюзивті білім беруге дайындауды қалыптастыру кезіндеқандай негізгі сәттерге көңіл аударылуы тиіс?

Аталған жағдайда педагогтар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасының негізі гуманизм идеясы, бір біріне деген сабырлылық пен төзімділік қағидаттары, өзара қолдау және көмек, сенім мен құрмет болып табылады. Аталған қағидаттар

- бірлескен қызмет пен қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру үшін білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ескеруді және қажеттіліктерін анықтауды;

- білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының жеке тұлғалық оң қасиеттеріне сүйенуді;

- ата-аналардың педагогқа деген сенімін;

- балаларды тәрбиелеуде педагогтың тәрбиеленушілердің ата-аналарын өзінің пікірлестері, одақтастары ретінде қабылдауын;

- отбасымен, ата-аналар және балалармен жұмыс істеу барысында туындайтын проблемаларды шешуге оптимистік жағынан қарауды;

- бала мен отбасының мүдделерін қорғауды, сондай-ақ білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының әр баланың тағдырына деген мүдделі қарым-қатынасын;

- отбасында "ерекше" балаларға деген мейірімділікпен, ізгілікпен және құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал етуді болжайды.

Ата-аналарды қарым-қатынас этикасымен таныстыру, кейбір келіссіз сөздерді

айтудан аулақ болуды және осыған өз балаларын баулуды үйрету қажет:

Қолдану керек!

Аулақ болу керек!

Көруі бұзылған адам

Соқыр

Естуі бұзылған адам

Керең

Мүгедектігі бар оқушы

Мүгедек

Физикалық бұзылушылығы бар бала

Жарымжан

Эмоциясы және мінез-құлқы бұзылған оқушы

Ақылы дамымаған

Зияткерлігі бұзылған бала

Ақылы мешеу

Арба қолданатын бала

Арбаға таңылған

Мүгедектері бар және ол жоқ адамдар

Мүгедектер және сау адамдар

Оқуға қабілеті жоқ бала

Оқымаған

 

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст