Мектебіміздің еріктілер мен қамқоршылық қызмет бағытындағы атқарылған жұмыстар
2019-2020 оқу жылында Елтай орта мектебінде Еріктілер жылына орай еріктілер тобы құрылды. Оқушыларымыз Ұстаздармен бірігіп «ЕРІКТІ БОЛУ ЕРЛІК» ұранымен ауылымыздың жалғыз басты аналарымен қарттарға көмек көрсетті. Атап айтсақ аулаларын қардан тазартты жәнде т.б шаруаларына көмектерін көрсетті 8-сынып оқушысы Кошиков Әмір "Үлкенге құрмет кішіге ізет" дегендей ауылымыздағы жалғызбасты қарт Кухарская Мария Яковлевна әжейге көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысқа ие болып отыр. Мария Яковлевна әжейдің айтуынша Әмір өзі біліп, айтқызбай әжейдің ауласының қарын тазартып, отын кіргізуге үздіксіз көмектесетін көрінеді. Әжейдің ризашылығы сондай арнайы мектепке келіп, окушылардың салтанатты жиынында шексіз алғысын білдірді. Сонымен қатар ауыл қарттары алғыстары шексіз екенін ыстық ықыластарымен жеткізіп Бірі ауданымыздың бұланды таңы газетіне алғысын білдіріп мақала жариаласа кейбір ата әжелеріміз мектебімізге арнайы қонақ ретінде келіп оқушылармен ұстаздар алдында өз ризашылығын білдірді «ЕРІКТІ БОЛУ ЕРЛІК» ұранымен бұл жобамыз әрі қарайда жалғасын таба бермек.