"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәжірибедегі рефлексия

13.02.2017

                                    «Тәжірибедегі рефлексия»

Елтай орта мектебінде  «Назарбаев Зияткерлік  мектептері» ДББҰ  мен Педагогикалық шеберлік орталығының  Әдістемелік кеңесі әзірлеген  «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасының  аясында   аталмыш  курс  басталды. Мектепті өзгертетін де, жақсартатын да мұғалім сондықтан мұғалімнің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып, көтеріп отыру керек. «Мұғалім – мектептің жүрегі» -деп ұлтымыздың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин айтқандай жаңартылған білім жүйесіне көшу үшін ең бірінші мұғалімнің әдістемілік біліктілігі өзгеріп жаңаруы керек.  2017 жылы 4 қаңтардан бастап мектебіміздің  он бес мұғалімі осы курстың тыңдаушысы ретінде қатысуда. Курс аптасына екі  рет өткізіліп жатыр. Жалпы курс 25 күндік 100 академиялық сағат ауқымына әзірленген. Аталмыш курс мұғалімдер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін сенімді жеткізе алатын, өзін-өзі және өзгені  бағалай алатын, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін қолдаушы – мұғалім  болуды көздейді. Курс соңында тыңдаушылар сертификатталады.

                                                            

Мектеп тренері:   Қожақанова Қ.Т.

Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст