Тақырыбы: «Қазақстанның мәңгілік жері-Ұлы Дала Елі!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас өрендерді өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік құндылықтарын қастерлеуге тәрбиелеу.
Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.
Қарақат:
Мәңгілік ел – Қазақстан арайлы
Бүгін саған әлем түгел қарайды
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
Томирис:
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Қарақат:
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман дегендей
Бірге: Бүгінгі «Қазақстанның мәңгілік жері-Ұлы Дала Елі!»тақырыбында өткізілгелі отырған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Томирис: Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда
Қарақат:
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.
Томирис:
Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері
Бүгінгі ертеңгілігіміз шымылдығын ашатын ұлдардың орындауындағы «Атамекен» әні. Қарсы алыңыздар!
Томирис:
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі
Қарақат:
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы
Күй «Балбырауын»
Тақпақ: Алмас, Жеңіс, Елік, Нұрсауле,Ерасыл
Томирис:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз!
Қарақат:
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Көрініс «Жаужүрек мыңбала фильмінен
үзінді»
Қарақат:
Бұл ғажайып мұратты,
Халықтардың Отаны
Жаңа өмір құратын ,
Алыптардың Отаны.
Сол алыптың бірімін,
Отанның ұл-қызымын.
Келесі орындалатын ән Томиристің орындауындағы « « әні
Томирис: Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Қарақат: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Томирис: Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Қарақат: Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Томирис: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Қарақат: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық
«Алға Қазақстан» әнімен Жеңісті қарсы алыңыздар!
Томирис:
Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да
Күй «Әлқисса»
Қарақат:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Томирис: Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Қарақат: Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты.
Томирис: Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.
Ақын – жазушыларымыз
Қандай сұлу, қандай көркем,
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.
Тақпақтар:Дарын, Сайн, Елік, И.Томирис, Жансерік
Томирис:
Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Алдарыңызда күйсандықта ойнайтын өнерлі қыздарыңыз Әнелді қарсы алыңыздар!
Тақпақтар:Индира, Алтыншаш, Жеңіс,Амір,
Томирис: Әйнегі күн – шатыры аспан
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің!
Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің
.Келесі тыңдайтын әндеріңіз Қарақаттың орындауындағы «Жаса Қазақстан» әні
Қарақат:
Абай туған, Сәкен Туған
Құрметте досттым қазақтың жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан – Республикам менің!
Томирис: Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.
Біз, қазақ – мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Басымыздан құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей
біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.
Қарақат:
Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген
Ән. Отаным Қазақстан!
Томирис: -Біз 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенеміз.
Қарақат: -Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Томирис: -Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Қарақат:: -Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Томирис: -Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Қарақат: -Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен
Томирис: Б үгінгі «Қазақстанның мәңгілік жері-Ұлы Дала Елі!»тақырыбындағы ертеңгілігімізді аяқтаймыз
Барлығы бірге:Келіп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет!