"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бір шаңырақ астында

09.03.2017

Бір шаңырақ астында

Мақсаты:  оқушылардың бойындағы достық қарым-қатынасты дамыту арқылы бір шаңырақ астында ұйымшылдықпен әрекет етуге баулу.

Барысы:       I.           Танысу  «Меніңсүйікті есімім»

   II.           Тренинг ережесін бекіту

III.           Жаттығу «Интервью»

IV.           Жаттығу «Санамақ» 

   V.           Жаттығу «Берік шаңырақ»

VI.           Жаттығу «Пирамида»

VII.           Ойын «Жемістер»

VIII.           Жаттығу «Сенім тізбегі»

IX.           Ойын «Досыңа сыйлық жаса»

    X.            «Тілек шамы»  (рефлексия)

Кіріспе: Сәлеметсіңдер ме  құрметті оқушылар!  Біз бүгін сендермен достық қарым-қатынасқа баулитын ерекше сипаттағы тренингті жүргізгелі отырмыз. Бұл тренингіміз әр түрлі жаттығулар мен қызықты ойындардан тұрады. Сондықтан да, ойларыңды ашық жеткізіп, ұсынылған тапсырмаларға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймын. 

         І Танысу  «Менің сүйікті есімім»

         Мақсаты:  оқушыларды бір-бірімен таныстыру және  өздеріне ұнайтын есімдерімен атау арқылы көңіл-күйлерін

көтеру.

         Нұсқау: оқушылар шеңбер бойымен отырып, өз есімдерін өзгерту арқылы өздеріне ұнайтын  немесе еркелетіп айтылатын кез-келген есімді айтып,  бір –бірлерімен танысып шығады.  Мысалы: Айгерім – Айко,  Нұрлан – Нурик.  Тренинг соңына дейін сол есіммен аталуы керек.

         ІІ  Тренинг ережесін бекіту

         Психолог оқушыларға  тренинг ережесін таныстырып шығады.

·      Топтың толық қатысуы

·      Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынасы

·      Қарым-қатынастың ашық, әділ болуы

·      Белсенді қатысу

·      Осы жерде айтылғандар топтың сыртына шығарылмайды.

           ІІІ  Интервью

         Мақсаты:  оқушылардың тренинг тақырыбына байланысты пікірлерін қалыптастыру,  топ алдында өздерін еркін ұстай білу қабілеттерін дамыту.

         Нұсқау: қатысушылар шеңбер бойымен отырады.  Өз қалауымен бір бала ортаға шығып «журналист»  болады. Ол алдын-ала дайындалған сұрақтарды өзі қалаған бір оқушыға қояды. Бірақ оған ол оқушы емес оның оң немесе сол жағында отырған оқушы жауап беруі тиіс. Кім қателесіп немесе жауап бере алмай үнсіз тұрып қалса сол оқушы журналистпен орын алмасады.

         IV «Санамақ»

     Мақсаты:  оқушылардың көзқарастар арқылы бір-бірін түсіне білу  дағдыларын қалыптастыру.

     Нұсқау:  оқушылар шеңбер бойымен отырады.  Олардың міндеті 1-ден бастап 10-ға дейін бір-бірден  қатесіз санап шығуы керек.  Бір мезгілде бірнеше адам бірге айтса, ол қате болып есептеледі де, санақты  қайтадан бастауға тура келеді. Алдын-ала келісіп, ақылдасып  немесе ым-ишарамен белгі беруге болмайды.

VI  Жаттығу  «Берік шаңырақ»

Мақсаты: оқушылардың түсінушілік, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту.

         Нұсқау: оқушыларға бір  шаңырақ  және оның уықтары болып келетін жіптер ұсынылады. Әр уыққа бір оқушыдан келіп олар шаңырақты түзу ұстап тұрады. Шаңырақтың ортасына тіршілік көзі болып табылатын суды бір ыдысқа құйып  қоямыз. Оқушылардың міндеті шаңырақты айналдыра шеңбер бойымен жүру арқылы ыдыстағы суды төкпей өз орындарына  қайта келу.

         Талдау:  -жаттығу барысында қандай қиындықтар туындады?

                        -бұл жаттығуды орындау қандай қасиеттер мен іскерліктерге сүйенеді?

  VI I Жаттығу  «Пирамида»

Мақсаты: оқушылардың бір-бірін түсіну,  қиын жағдайлардан шыға білу  қабілеттерін дамыту.

Нұсқау: оқушыларды шағын 4 топқа бөлеміз. Әр топқа бірнеше газеттер беріп, сол газеттен  5 минут

ішінде пирамида жасау ұсынылады.  Бұл жаттығуда пирамиданың түріне емес оқушылардың өзара ұйымшылдығына мән беріледі.

Талдау:  -пирамида жасау қиын болды ма?    

-жұмыс жасау барысында сендер қандай қасиеттер мен біліктеріңе сүйендіңдер?

VIII  Ойын «Жемістер»

Мақсаты:  оқушыларды сергітіп, көңіл-күйлерін көтеру және өзара  қарым-қатынасты қалыптастыру.

         Нұсқау: оқушылар шеңбер бойымен отырады.  Үш оқушыдан әр түрлі жемістің аты бойынша бөліп шығамыз. Олар: алма, алмұрт, мандарин.  Әрі қарай  психолог өз орындығын бөлек алып қояды да, нұсқау  береді. Мысалы, «алмұрттар орын алмастырамыз»  дегенде алмұрт болған оқушылар бір-бірлерімен орын алмасуы керек. Психолог сол аралықта өзіне орын тауып алуы қажет. Орындықсыз қалып қойған оқушы жүргізуші рөлінде болып келесі команданы береді.  Ойын осылайша бірнеше айналымға дейін жалғасады.

         ІХ  Жаттығу «Сенім тізбегі»

         Мақсаты:оқушылардың бір-бірлеріне деген сенімділіктерін арттырып, өзара сенімге құрылған ұжымды қалыптастыру.

         Нұсқау: көздері байлаулы оқушылар бір-бірінің артында йықтарынан ұстап, тізбектеліп тұрады. Бірінші тұрған оқушы көзі ашық күйде басқаларды өзіне ілестіріп, бөлме ішін аралап кедергілерден өтіп жүруі  керек.  Қалған көзі байлаулы оқушылар оған сеніп соңынан ілесіп, барлығы бірге бірнеше шеңбер жасауы керек.

         Талдау:  -жаттығу барысында қандай қиындықтартуындады?

                        -бұл жаттығу барысында өздеріңнің қандай  қасиеттеріңе сенім арттыңдар?

           X  Ойын «Досыңа сыйлық жаса»

         Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру және өзара достық қарым-қатынасты нығайту.

         Нұсқау: оқушылар шеңбер бойымен тұрып әрбір оқушы өзінің оң жағында тұрған досына  қарап,

оған қандай сыйлық бергісі келетіні туралы  іштей ойланады.  Сыйлық кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Мысалы, үлкен теледидардан бастап мол бақытқа дейін. Барлығы ойланып болғаннан кейін бір шетінен бастап сыйлық беруді бастаймыз.  Бірақ ойын шарты бойынша сыйлықты сөзсіз тек қана мимика, жестпен беру керек. Егер сіздің досыңыз сіздің қандай сыйлық бергеніңізді түсінсе ол өз ризашығынын білдіреді.

         XІ Рефлексия «Тілек шамы» 

         Мақсаты: кері байланыс ретінде тренингтен алған әсерлерімен бөлісу.

         Құрметті оқушылар! Міне бірнеше уақытқа созылған біздің тренингіміз де өз мәресіне жетті. Біз бүгінгі тренинг барысында бірге жұмыс жасай отырып өзіміздің достығымызды одан әрі нығайта түстік деп

ойлаймын. Әрі қарай бір-бірімізге келесі кездескенше деп айта отырып,  жылы лебіздерімізді білдірейік. Ол үшін бізге

көмекке махаббат жылуына толы «Тілек шамы» келеді.  Менің қолымда сендер үшін арнайы  дайындалған тілек шамы бар. Ол біздің өмірімізде маңызды болып саналатын су мен оттан тұрады.  Сондықтан да сендер өздерің құрған шаңырақтың отын өшірмей достасып жүріңдер деген ниетпен  тілек шамын сендерге ұсынамын. Оны бір-бірлеріңе ұсыну  арқылы өздеріңнің жылы лебіздеріңді білдіресіңдер.

         Уақыт бөліп келгендерің үшін үлкен рахмет! Келесіде кездескенше!!!

 

 

 

Просмотров: 739


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст