"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тоқсан бойынша зейіні төмен оқушылардың білім сапасын көтеру туралы ереже

13.03.2017

 "Елтай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

        

 

ПЕДКЕҢЕС  ОТЫРЫСЫНДА                                               БЕКІТЕМІН:

ҚАРАЛДЫ:                                                      Мектеп директоры:                                                  

Хаттама № 3  « 20 »_01.2017ж.                                             Шахатова Ж.К   

                                                                                               «___»____________                         

 

Тоқсан бойынша зейіні төмен оқушылардың  білім сапасын көтеру туралы ереже

Жалпы ережелер. Зейіні төмен оқушылардың білім сапасын көтеру  туралы ереже педагогикалық кеңесте талқыланады және бекітіледі.

Мақсаттары мен міндеттері

* Жеке оқушылар мен жалпы мектептің БДҚ қасиеттерін арттыру.

* Оқушылардың құқын қорғау.

* Мектептің жағымды шағын ортасын құру.

Қызметтің негізгі бағыттары мен түрлері

* Оқушылардың оқу үлгерімі мен БДҚ қасиеттері төмендеуінің ықтимал себептерін анықтау.

* Оқушылардың оқу үлгерімі мен БДҚ қасиеттерін көтеруге бағытталған кешенді шараларды қолдану.

Пән мұғалімі қызметінің бағдарламасы

* Тоқсанның соңына қарай бағаның жиналып қалуына жол берместен, үнемі және жүйелі түрде оқушыдан

сабақ сұрау, ал тоқсанның соңына қарай баланың бағаларын түзеу мүмкіндігі болмайды.

* Оқушылардың бағасына сын айту (оқушы болашақта кемшіліктерін жоюы үшін, берген жауабының

кемшіліктерін атап өту керек).

* БДҚ-ін адғашқы бақылағаннан кейін төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен бірге сабақ тақырыбын

қайта талқылау, осыдан кейін БДҚ-інің қайтадан бақылауға болады.

* Сабақтың алғашқы күнінде баладан сабақ сұрамау қажет немесе оған бақылау жұмысын бермеу

керек (сабаққа сырқатына байланысты келмеген немесе маңызды себептермен келмеген жағдайда).

* Оқушы жіберіп алған тақырыпты меңгеруі тиіс уақытты анықтау, және қиындықтар болған жағдайда оған кеңес беру қажет.

* Оқушыға өткен материалды тексеру жұмысы түрінде тапсыруға немесе тоқсан аяқталғанға дейін аптасына бір рет әңгімелесу түрінде тапсыруына мүмкіндік беру керек.

* Ата-аналар тарапынан уақытылы бақылау мақсатында оқушылар алған қанағаттанарлықсыз бағаларды күнделікке қою.

* Сынып жетекшісін немесе тікелей баланың ата-аналарына оның оқу үлгерімі төмендегендігі туралы хабарлау.

* Оқушының сабақтағы нашар мінез-құлқы үшін бағасын төмендетпеу, керісінше оқушыға әсер етудің басқа әдістерін қолдану.

Сынып жетекшісі қызметінің бағдарламасы

– Оқушы үлгермеушілігінің себептерін анықтау, қажет болған жағдайда психологқа немесе әлеуметтік педагогке жүгіну (жұмыс әдістері: оқушыдан сауалнама алу, ата-аналардан сауалнама алу, әңгімелесу).

Үлгермеушіліктің ықтимал себептері

* Сабаққа қатыспау

* Үйде жеткілікті дәрежеде жұмыс істемеу

* Әлсіз қабілеттері

* Пәнді оқуға деген ниетсіздігі

* Сабақта жеткілікті дәрежеде жұмыс жасамау

* Сабақта қойылған бағалардың әділетсіздігі

* Мұғалімнің сабақтағы біржақты қарым-қатынасы

* Үй тапсырмасының ауқымды көлемі

* Мұғалім назарының жеткіліксіздігі

* Материал күрделілігінің жоғары деңгейі

* Басқа себептер

-     Оқушы сабаққа келмеген жағдайда онымен бірге сабақтан қалуының себебін анықтау жөніндегі жеке жұмыс жүргізу, оқушылар күнделігіне жазу арқылы немесе басқа тәсілмен оқушының үлгерімі туралы дереу

ата-аналарына хабарлау.

-     Оқушылардың үй тапсырмасын жауапсыз орындағандығын немесе сабақта жеткілікті дәрежеде жұмыс істемегендігін  анықтаған жағдайда ата-аналармен бірге алдын алу жұмыстарын жүргізу, егер ата-аналар өз міндеттерінен жалтарса, әлеуметтік педагогтің немесе психологтың көмегіне жүгіну.

Оқушы қызметінің бағдарламасы

* Үй тапсырмаларын орындау, мұғалімге тексеруге уақытында тапсыру.

* Сабақ бойы жұмыс істеу және жаттығулар мен тапсырмалардың барлық түрлерін орындау.

* Сабаққа маңызды себептерсіз келмеуіне байланысты оқу материалын өз бетімен оқу, қиындықтар

туған жағдайда мұғалімнің кеңесіне жүгіну.

Ата-аналар қызметінің бағдарламасы

* Оқушының үй тапсырмасын орындауын, сабаққа қатысуын бақылау.

* Бала сырқатына немесе басқа да маңызды себептерге байланысты сабаққа ұзақ уақыт келмеген жағдайда, оған өз бетімен жұмыс істеу және пән мұғалімінен кеңес алу тәсілімен жіберіп алған оқу материалын меңгеруіне көмектесу.

* Оқушы төмен нәтиже көрсеткен сабақтарға қатысуға құқылы.

* Қиындықтар туындаған жағдайда сынып жетекшісінің, психологтың, әлеуметтік педагогтің, мектеп басшылығының көмегіне жүгінеді.

 

 

Просмотров: 740


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст