Тәлімгер,
«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының 2016-2017 оқу жылына арналған жылдық жұмыс
жоспары.
«ЖАС ҰЛАН»ҰЙЫМЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
«ЗЕРДЕ» - оқушылардың ақыл-ой деңгейін және шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру және дамытуда
басты рөл атқармақ. Бағыт бойынша журналда интеллектуалдық, логикалық сұрақтар,
түрлі викториналар және т.б. жарияланады.
«РУХАНИЯТ» - өзіндік және басқа халықтардың
адамгершілік, этикалық, бейнелеу –эстетикалық негіздерін дамытуға және қалыптастыруға,
өз түсініктерінді басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен
біріктіруге шақырады. Жас тілшілерге,
жас дарындыларға, ақындарға шығармашылық байқау жарияланып тұрмақ.
«ОТАН» -
отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі,
мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік және туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін
білуге жағдай жасайды. Рубрикада Қазақстанның кереметтері, табиғаты, өңірлер
тарихы және т.б. көрініс таппақ.
«САЛАУАТ» - салауатты өмір салтын қалыптастырудағы
бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға әсер етеді.
Салауатты өмір салтын ұстаудағы қиыншылықтар мен олардың пайдасы, зияны туралы
болмақ.
«ЕҢБЕК» -
оқушылардың білімділігін және біліктіліктерін қалыптастыру. Білім
саласындағы оқушылардың атқарар рөлі, еңбек қоғамын қалыптастырудағы маңыздылығы
сөз болады.
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» -
оқушылардың тұлғалық, әлеуметтік, құқықтық біліктіліктерін, азаматтық
белсенділіктерін және саяси салауаттылығын, өз міндеттерін орындау және өз құқығын
қорғай білу қабілеттерін қалыптастырады.
Шешендік сөздер, билер мен
жыраулардың, ар-намыс, балалар құқықтарының сақталу заңдылықтарын айқындамақ.
«ЭКОӘЛЕМ» - балалардың қоршаған ортаға дұрыс қатынас орнату және табиғат қорларын тиімді пайдалануға
бағытталған экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Рубрикада «ЭКСПО – 2017 »,
«Жасыл экономиканың» республика аумағында таралуы, түсіндірілу деңгейін көтеруді
көздей отырып, жаңа инновациялық технологиялар туралы жазылады.
БАСҚАРУ
ҚҰРЫЛЫМЫ: Ұйым жетекшісі – Мектеп Ұланбасы – Топ Ұланбасы- Класс Ұланбасы – бөлімдер бойынша жауаптылар.