Бүгін, 22-күркүйек, Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі
Мектебімізде осы тілдер мерекесіне орай қыркүйектің 12-22 аралығында арнайы жоспарланған Іс-шаралар
өткізілді. Әрбір іс шараның өзіндік мақсаты мен міндеті оқушыларға түсіндіріліп, ана тілінің қасиетін білуге және басқа тілді де үйреніп, неше түрлі білімүйренуге шақырды.
Бастауыш сыныптар аралығында «Баланың балғын тілі» атты үш тілде мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жүлделі орын алған оқушылар Қорытынды концертте марапатталды.
5-11 сынып оқушылары мазмұнды да мағыналы қабырға газеттерін шығарып, өздерінің тілге деген құрметтерін көрсете білді.
Мектеп кітапханасында «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты көрме ұйыдастырылды. Сонымен қатар пән мұғалімдері: «Үш тұғырлы тілдің әлемі», «Кел, ағылшынша үйренейік!», «Шагни вперед» тақырыптарында сыныптан тыс жұмыстар өткізді.
Бүгін, 22-қыркүйек,тілдер мерекесі қарсаңына «Мәңгілік елімнің, мәңгілік тілі» атты қорытындыконцерт мәресіне жетті.