Мектептің қосымша білім беру жүйесі жайлы мәлімдеме
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, еліміздің өркендеп дамуы сол деңгейде болады. Сондықтан бізге, ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсеткендей қазіргі заман талабына сай білім беру мақсаты – табысты болашағының іргетасы тәрбие және білім кільті болып табылатын біртұтас ұлттың бәсекеге қабілетті, прагматикалық, мықты, шығармашыл, отансүйгіш және белсенді тұлғасын қалыптастыру - Рухани жаңғыру жобасының басты мақсаттарының бірі.
Ал оқушылардың болашақта жан-жақты бәсекеге қабілетті, өз маманының шебері болуы үшін қазіргі таңда оқушыларға берілетін қосымша білім беру жүйесінің маңызы өте зор болмақ. Осы орайда мектебімізде оқушылардың бос уақыттарын қосымша білім арқылы тиімді пайдаланып, өздерінің жеке қабілеттерін үйірмелермен секциялар арқылы дамыту үшін қолайлы жағдай жасалған. Сыныптан тыс іс-шараларға қатысу арқылы әр оқушы
өзінің зияткерлік, шығармашылық, физикалық потенциалдарын дамытуға мүмкіндіктері бар. Оқушылардың пайдалы іспен айналысулары жылдан-жылға өсіп келеді. Бұл үйірме мен секция жетекшілерінің сапалы жұмысын көрсетеді.
Мектебімізде 12 түрлі үйірмелер мен секциялар төмендегідей бағыт бойынша жұмыс атқарады:
- Пәндік үйірмелер әрбір пәнді тереңдетіп оқытуға бағытталған;
- Спорттық үйірмелер мен спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған;
- Музыкалық, драмалық және қолөнер үйірмелері мектеп оқушыларының шығармашылығын шыңдауға бағытталған.
Атап айтатын болсақ, дарынды оқушылар арасында ұйымдастырылған оқушылардың ғылыми қоғамы, сонымен қатар қазақ күресі, тоғызқұмалақ, мергендер, шаңғы, шахмат, дойбы, футбол, теннис, өлкетану, қолөнер, шертпелі домбыра, драма үйірмелері жұмыс жасайды.
Мектебімізде барлығы 187 оқушы білім алуда. Онің ішінде мектепішілік үйірме және секция жұмыстарына барлығы 102 оқушы қатысса әғни 55% пайызын құрайды, ал мектептен тыс мекемелердегі ББМ (балалар шығармашылық мектебі), БЖСМ (балалар жасөспірімдерге арналған спорттық мектебі) үйірме және спорттық секцияларда білім алатын 58 оқушы бар әғни 31 пайызын құрайды.
Мектебіміздің оқушылары үйірмені таңдау мақсатында спорт шеберлерімен, әртүрлі мамандық иелерімен
кездесіп, қызығушылықтары оянып, өз бағыттары бойынша таңдау жасайды. Сонымен қатар осы үйірмелердің нәтижесінде өз бағыттарын таңдап оқуға түскен мектеп түлектерімен жиі қарым - қатынас орнатылады. Осындай белсенді жұмыстың нәтижесінде оқушыларымыз төмендегідей нәтижелер көрсетіп, өмірде өз орындарын
табуда.
Оқушылардың шығармашылығы мен тапқырлығын нығайтып өз ойын сауатты, логикалық түрде жеткізе білуге машықтану мақсатында мектебімізде күнделікті жаңалықтармен хабардар етіп, оқушылар радио желісі арқылы өз мүмкіндіктерін көрсету үшін мысалы сайыста, пәндік олимпиадаларда орын алған оқушылар туралы
және мектеп өмірі туралы мақала дайындап, ақпаратпен бөлісіп отырады. Осындай жұмыстын нәтижесінде мектеп президенті Халамхан Жанерке өткен оқу жылы Тарих пәні бойынша Сүлеймен Демирелл атындағы қазақ түрік университетінің ұйымдастыруымен өткізілген пән олимпиадасына қатысып жеңімпаз атанды. Жанерке ағымдағы жылы осы университеттің журналистика факультетінің грантын жеңіп алып, журналистика мамандығы бойынша
оқуға түсті.
Сонымен қатар, осы бағытта мектебіміздің түлегі облыстық Абай оқуларының жеңімпазы, ақын Сайлау Раушан
қазіргі кезде «Қазақстан Көкшетау» телеарнасының тілшісі қызметін атқаруда.
Драмалық, вокалдық үйірменің нәтижесінде, мектебіміздің түлектері Жақымаш Күмісгүл және Кайыров Азамат өнер саласында жұмыс атқаруда.
Шертпелі домбыра үйірмесінің нәтижесінде, Амантаева Әсел Астана қаласындағы музыка академиясын
бітіріп, қазіргі таңда президент оркестрінде өнер көрсетуде және Жазира, Назира Бейсеновалар Астана қаласындағы музыка академиясын бітіріп, қазіргі таңда үлкен сахналарда өнер көрсетуде.
Осы шығармашылық бағыттағы үйірмелермен бірге мектебімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық секция жұмыстары да жоғары нәтиже беруде. Атап айтатын болсақ құрама командамыз
аудандық жеңімпаздар атанып, жыл сайын облыстық жарыстарда да үздіктер қатарынан көрінуде:
Шаңғы үйірменің нәтижесінде, Тлеков Расул спорт шеберінің кандидаты атағын иеленіп Алматы қаласында өткен «Универсиада 2016» қысқы ойындарының қатысушысы атанды. Сонымен қатар Алмуханов Дастан мен Алмуханова Ляззат аудан құрама командасының қатарында облыстық жүлдегерлері және ІІ, ІІІ ересектер санаттын
иегерлері.
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі қазақ күресі үйірмесіне оқушылардың 17 пайызы қатысып, аудандық, облыстық,
республикалық сайыстардың жеңімпазы атанып, кейбір оқушылардың спорттық разрядтары бар.
Сонымен спортшыларымызбен қатар мектебіміздің оқушылары өнердің биік-биік шыңдарын бағындыруда, атап айтатын болсам, Тлекова Елнура және Құдайбергенова Медея 2016 жылғы Жас пионистердің республикалық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, 2015, 2016, 2017 жылдары “ХХІ ғасыр таланттары” атты Өнер ассамблеясының екінші халықаралық пионистер конкурсында Елнура ЛАУРЕАТ атанып, Медея “Дәстүрлі әндер”
конкурсында ЛАУРЕАТ атанды. Елнура Алматы қаласында Аида Исаковаға арналған пионистердің Республикалық байқауында дәрежелі дипломмен марапатталды. ІХ халықаралық өнер ассамблеясы ұйымдастыруымен халық аспап орындаушылардың байқауында Ашым Шыңғыс, Мырзабек Қарақат ІІ дәрежелі дипломмен, Кашкенова Тамирис ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мектебіміздің оқу – тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі оқушыларға әскери – патриоттық тәрбие беру. Бұл жұмыс жүйелі үш бағытта жүргізіледі:
І бағыт. Қарулы Күштер мен әскери дәстүрлерге тәрбиелеу;
ІІ бағыт. Әскери –спорттық ойындар (Намыс, Айбын, Алау);
ІІІ бағыт. Жоғары әскери оқу орындары, Кадет корпусы, Әскери мектептерімен қарым - қатынас. Осы жүйелі жұмыстар нәтижесінде, мектебіміздің түлегі және әріптесіміз Каиргожин Алибек үздік нәтижелері арқасында, казіргі таңда Аэроұтқыр «Қалқан» 68665 әскери бөлімінде психолог қызметін атқарады.
Абдрахманов Бауыржан Ұлттық қауіпсіздік комитеті институтын бітіріп, Солтүстік Қазақстан облысында
шекара қызметкері.
Амантаев Ермек Түркия Республикасының ХУЛИЛИ әскери училищесін бітіріп, сол елде білімін жоғары әскери оқу орнында жалғастыруда.
Өмірбеков Қуандық – Щучинск қалалық кадет корпусының түлегі, қазіргі таңда Аэроұтқыр «Қалқан» 68665 әскери
бөлімінде қызмет атқарады.
Солтан Аңсаған – Петропавл қаласындағы Ұлттық гвардия институтының 4 курс курсанты.
Балпанов Бекзат – Қарағанды қаласындағы Бәрімбек Бейсенов атындағы Ішкі Істер министрлігінің академиясында 4 курс тыңдаушысы.
Қойшанов Нұрбақыт Астана қаласында Сағдат Нұрмағанбетов атындағы, Болпанов Бауыржан Қарағанды қаласында Генерал майор Т.Ж. Бигельдинов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық, мектебінің 11-ші сынып ұланы.
Мектебіміздің окушылары жоғары нәтижеге жеткеніне мектеп ұстаздарының қосқан үлестері зор.
Музыка пәнінің мұғалімі Кадирбек Жанарбек «Үздік үйірме жұмысы», сайысында І орын және «Драма байқауында» сахналық көріністе І орын иеленіп марапатталды, «Нотасыз домбыра үйрету әдістемесі» авторлық бағдарламасы ауданда бірінші орынға ие болды.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы аға лейтенант Карагулов Канат Койшанович “Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов” және “Авиация генерал-майоры Талғат Бигельдинов” медальдарымен
марапатталды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған “Отанды қорғауға дайынбыз” атты облыстық кәсіптік шеберлік конкурсында “Отанға қызмет етемін” байқауында І орынға ие болды.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей, жалпы білім беретін және қосымша бағдарламалардың ықпалдастығы тұлғаны оқыту, тәрбиелеу мен шығармашылық дамытумен қатар өзге де әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:яғни балалардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету, олардың өзін іс жүзінде танытуы және әлеуметтік бейімделуі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бақылаусыздықтың, құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдер арасында өзге қоғамға жат қылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді..
Қорыта келе, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында «Парасатты экономиканы қалыптастыруда табысқа жету - Қазақстандағы білім беру қызметінің сапасына тікелей байланысты» дегендей, білімге негізделген тиімді даму жолы бүгінгі мектептің сапалы еңбегінен басталатынына көз жеткізген Елтай орта мектебі әр шәкірттің жан-жақты білімді, кәсіби бағытталған, бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына жағдай жасауды мақсат етеді.