"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елтай орта мектебінің 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдықта тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралар ептемесі

05.01.2018

Елтай орта мектебінің 2017-2018 оқу жылының

І жартыжылдықта  тәрбие жұмысы бойынша

атқарылған іс-шаралар ептемесі.

 

          2017-2018 оқу жылының басында мектебімізде 171 оқушы білім алады. Жарты жыл бойы оқушыларға сапалы

білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз аянбай еңбек етуде. Мектебімізде көп балалы отбасында 35 оқушы бар, тұрмысы төмен отбасында 10 оқушы, Ата-анасының қамқорынан айырылған 2 оқушы  бар. Мектебіміз

бойынша 7 оқушы мектеп тарапынан тегін тамақтанады.

           Мұғалім – мектептің тірегі ғана емес, білім, тәрбие беруде шешуші тұлға. Сондықтан, олардың білімі терең, әдістемелік шеберлігі жоғары дәрежеде болуы керектігін білеміз. Сабақ үрдісінің әдіс-тәсілдерін шыңдай түсу мақсатымен мектеп ұстаздары семинар, курстардан жоспарлы түрде өтуде. Мектебімізде  4 әдістемелік пән бірлестіктері жұмыс жасайды. Әр пән апталықтарында жоспарланған мектепішілік іс-шаралар уақытында

сапалы өткізіледі. 2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығында эстетикалық пәндер бірлестігі мен гуманитарлық пәндер бірлестіктерінің апталықтары өткізілді.  Апталықта өткізілген іс-шараларға қатысқан оқушылар марапатталады.

       Тәрбие үрдісін басқару, сынып жетекшісі болу – күрделі іс. Сынып ұжымын ұйымдастыру және дамыту, тұлғаны қалыптастыру – сынып жетекшінің тікелей міндеті.

         Мектептегі тәрбие жұмысының өткен оқу жылындағы негізгі мақсаттарының бірі – оқу – тәрбие әрекетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өз Отанын сүйіп, құрметтейтін, өзара қарым – қатынас

жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, адамгершілік құндылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре алатын құзырлы тұлға қалыптастыру болып табылады.

          «Оқу мен тәрбие егіз» демекші, тәрбие саласында өткізілген іс-шараларға да мектеп оқушылары да белсене

қатысады.

            Мектебімізде «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Вокал» «Шахмат», «Жас эколог»,  «Футбол», «Мерген» «Шаңғы», «Теннис», үйірмелері жұмыс жасайды. 

          «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясына бағытталған мектебімізде және аудандық деңгейде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, сол іс-шараларға мектеп оқушылары, ұстаздары белсене қатысты. Атап айтатын болсақ:

      «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Үстел үстіндегі және ұлттық ойындар фестивалін өткізу

туралы «Жастар-2017» аудандық спартакиаданың бағдарламасындағы дойбы жарысына мектебімізден 3 оқушы, шахмат жарысына 3 оқушы, үстел теннисі жарысына 2 оқушы, тоғызқұмалақ жарысына 3 оқушы, қазақ күресі жарысына 11 оқушы қатысып оның 1 оқушы 1 орын 3 оқушы 3 орын иеленіп, команда бойынша 3 орын иеленді, Жетекшісі Карагулов К.К.

       «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында аудандық балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында пікірсайыс ұйымдастырылып мектеп командасы сол жарыста 3 орынды жеңіп алды. Және Құдайбергенова М. «Үздік скипер» атанып меқтау грамотасымен марапатталды, Жетекшісі Аймихан М.

       «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында ауданда өткізілген «Қобыланды батыр жырлары» сайысына мектебіміздің 8 сынып оқушысы Құдайбергенова М. қатысып бас жүлдені жеңіп алып, облыстық сайысқа

жолдама алды. Жетекшісі Таутиева А.Х.

      Осы тақырып аясында мектебімізде эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндік өткізіліп көптеген мектепішілік

мерекелер мен сайыстар ұйымдастырылды. Онкүндікте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында күзгі жәрменке ұйымдастырылып оқушылар өз қолдарынан әртүрлі тағамдар пісіріп сатты және де күзгі арулар байқауы ұйымдастырылды.

        Осы онкүндікте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Карагулов К.К. ұйымдастыруымен ХХІ ғасыр көшбасшысы ұйымдастырылды.

     «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде гуманитарлық пәндер апталығы өткізіліп апталықта жоспарланған іс-шаралар толықтай дерлік өткізілді.  Атап айтатын болсақ  7 сыныпта Таутиева А.Х. басқаруымен «Қазақтың опера жанры», 9 сыныпта Народ Х. басқаруымен  «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында», 7

сыныпта Бекей М. басқаруымен «Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы» атты ашық сабақтар өткізщілді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бекей М. басқаруымен 5-11 сыныптар арасында «Сөз шеберлері» сайысы ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Музыка пәнінің мұғалімі Кадирбек Ж. басқаруымен «Жас талант 2017» ән байқауы ұйымдастырылып үздік әншілер мақтау граморталарымен марапатталды.

      «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мектепішілік Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарланып өткізілді. Бұл жоспар бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік тұғырым

менің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 сыныптар арасында Қазақстан – ортақ үйіміз» атты сурет сайысы ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектепішілік Үстел теннисі ұйымдастырылып 11 сынып оқушысы Қасен А І орын, 10 сынып оқушысы

Шамбилов Е. ІІ орын, 10 сынып оқушысы Дәукен И. ІІІ орын иеленді. Ал мектепішілік дойбы сайысында 9 сынып оқушысы Болыс Е. І орын, 6 сынып оқушысы Құрметбек Ұ. ІІ орын, 8 сынып оқушысы Хабыл Е. ІІ орын иеленді.

       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мектебіміздік бастауыш сынып оқушыларын Мемлекеттік «Жас Қыран» біріңғай балалар ұйымына 15 оқушы салтанатты түрде қабылданды.

        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қараөзек орта мектебінде Бұланды ауданың мектептерінің арасында «Тәуелсіздік  күніне» арналған қазақ күресінен жарыс өтті. Осы жарысқа мектебіміздің оқушылары да қатысты.  Жалпы командалық есепте үшінші орын иеленіп және өз салмақтарында келесі оқушыларымыз жеңімпаз бен жүлдегерлер болды.  Атап айытсақ Мұхит Абылай, Тилейхан Айдос- І орын; Талғатбек Жебетай Құрметбек Ұлықпан, Сектаев Ерасыл, Мырзабек Даулеткерей-ІІ орын; Мадениет Айдос, Мекенбек Серікбек, Нұрболат Рамазан- ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар Аудандық спорт мектебінде ұйымдастырылған Шаңғы жарысынан ашық

біріншілігінде мектебіміздің 7 сынып оқушысы Кадир Н. І орын иеленді.

      «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаАудандық патриоттық бағыттағы Дефеле конкурсында Мектеп командасы Қабырға газеті аталымы бойынша ІІІ орын иеленді.

       Мектебіміздің жоғарғы сынып оқушыларынан құралған   көмекші топ ауылымыздағы қарттардың үйлеріне барып су тасу, отын жинау, қар тазалау сияқты жұмыстарын атқарды.  Осы орайда мектеп әкімшілігінің

ұйымдастыруымен ауылымыздағы қарттарға сыйлықтар таратылып мерекелерімен құттықтады.      

         Сонымен қатар мектеп ауласына жаңа жыл мерекесіне арналған қардан мүсіндер жасалынды.

 

Мектеп директоры:                  Шахатова Ж.К.

 

 Орындаған: Тәрбие ісінің меңгерушісі:  Аймихан М.

Тел: 31-1-26

 

 

 

 

 

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст