Еріктілер жылындағы игі іс!
Мектепте біліммен қатар тәрбие де өзіндік жоспарымен белгілі жүйемен берілуде.Қазіргі таңда оқушыға берілетін тәрбие 7 бөлімнен тұрса, соның бірі - Адамгершілік тәрбиесі. Мұнда оқушыларымызды үлкенді сыйлау, кішіпейілділік, қайырымдылық сияқты әдептерге бағыттайды. Осындай жақсы әдептерді оқушы ата-анасынан және мектептен бойына сіңіріп өссе, ол өзі өскен ортада жақсы әдептерімен көзге түсіп отыр. Атап айтатын болсақ мектебіміздің 8-сынып оқушысы Кошиков Әмір "Үлкенге құрмет кішіге ізет" дегендей ауылымыздағы жалғызбасты қарт Кухарская Мария Яковлевна әжейге көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысқа ие болып отыр. Мария Яковлевна әжейдің айтуынша Әмір өзі біліп, айтқызбай әжейдің ауласының қарын тазартып, отын кіргізуге үздіксіз көмектесетін көрінеді. Әжейдің ризашылығы сондай арнайы мектепке келіп, окушылардың салтанатты жиынында шексіз алғысын білдірді.