"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Никольск ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақ жоспары 3-сынып

05.11.2019

ТақырыпҮлес туралы түсінік

Мектеп: Елтай орта мектебі

Күні: 04.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Кожаканова Куаныш Темиргалиевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаттары

3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Көрнекілік негізінде үлестің пайда болуын көрсету.

Бірқатар оқушылар үшін:

Көрнекілік негізінде үлестерді жасау, үлестерді жазу, оқу және салыстыру.

Кейбір оқушылар үшін:

Өз бетімен фигураны бірдей бөлікке бөлу, үлестерді ерекшелеу.

Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

Оқушылар:

Үлестердің жасалуын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

үлестердің тұрмыстық атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір).

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Фигура неше бөлікке бөлінеді?

Әр бөлікті қалай атауға болады?

Қай бөлік үлкен: 1/2 немесе 1/4? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз. 

Жазу:

1/2 бөлік, 1/4 бөлікті жазыңыздар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Үлестердің тұрмыстық атауы.

                                                                     Жоспар                         

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

 

0-2

 

 

 

Ынталандыру.

–  Балалар,2тоқсанның басталуымен сендерді құттықтаймын.Сол себептен біз бүгін пицца жейміз?Бірақ пицца біреу, ал біз......

Қағаз қиындылары,

 

3–9

 

Өзектендіру.

 BILIMLAND порталымен жұмыс

Алма түріндегі санау материалы.

Сабаққа арналған тұсаукесер.

Электронды жинақ полотносы.

 

9–11

 

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

– Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін (бөлігін) қалай атауға, жазуға болады? (Білмейміз)

– Нені үйрену керек?

Бізге үлестерді атауды, жазуды, салыстыруды үйрену керек.

 

 

 

 

 

 

 

12–29

 

Жаңаны ашу.

Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс орындайды. Ол қалай аталады? (Дөңгелек)

– Дөңгелекті екіге бүктеңіз.

– Ашыңыз.

– Қанша бірдей бөлік болды? (2)

– Сонымен, біз дөңгелекті тең екіге бөлдік, яғни тең екі бөлікке.

Балаларға дөңгелекті тағы да ортасынан бүктеуге тура келеді. Сосын оны ашу керек.

– Неше бөлік шықты? Бөлігі қалай аталады: (ширек).

Тағы бүктеуге бола ма?

– Неше бөлік болды?

Сегіздің бір бөлігі – сегізден бір бөлік.

Бөлшектердің атауларын уақыт өлшеген кезде де пайдаланады.

Оқулықтағы №1 тапсырмадағы сағаттың макетін қараңыздар. Циферблат неше бөлікке бөлінген?

Үлестердің атауларын сағат бөліктерімен де атайтын кездері болады.

№2 тапсырмадағы сағаттың уақытын қараңыздар.

Математикада үлестерді жазуға болады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Мұғалім №3 тапсырманы қарауды ұсынады, бөлшектердің жазылуына баса назар аударады. Балалар фигураның қай бөлігі боялғанын айтып, жұппен жұмыс жасайды.

Өзіндік жұмыс.

Оқушылар №3 (ә) тапсырманы орындайды.

Дәптер, оқулық, дөңгелектер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30–35

 

Жаңаны қолдану.

№4 топпен орындалатын тәжірибелік жұмыс. Балалар дөңгелектерді бөліктерге бөледі. Шыққан бөліктерді салыстырады: өсу (кему) ретімен жазады, теңсіздіктерді жазады. Әрі қарай мұғалім  дәптердегі қалыптастырушы бағалауы бар тапсырманы орындауды ұсынады.

Балалармен бағалау критерийлерін талқылайды.

Мен:

  1. – суреттен үлестердің жасалуын көрсетемін;
  2. – үлестерді оқимын;
  3. – үлестерді жазамын;
  4. – үлестерді салыстырамын.

Өткенмен жұмыс.

Мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай тапсырма береді.

№9 тапсырма – логикалық жаттығуды орындау барысында мұғалім 15 минут сағаттың қандай бөлігін алатынын анықтайды.

Қиылған дөңгелектер, қарындаштар, оқулық.

35–40

 

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін балалар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді: сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:

  • үлестердің жасалуын көрсету
  • үлестерді оқу және жазу
  • үлестерді салыстыру

Жетістік сызғышы.

Просмотров: 898


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст