Жаратылыстану - математика әдістемелік бірлестігінің
математика, информатика және физика пән апталығының
ЕСЕБІ.
Әдістемелік бірлестіктің мүшелер саны: 6 Күні: 25.02.2019
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. . Ағымды жылдың ақпан айының 15 - 25 аралығында математика, физика және информатика пәндер апталығы өткізілді Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді. Апталықтың іс-шаралардың бәрі алдын ала құрастырылған жоспарға сай жүргізілді.
Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, қабырға газеті сайысы, сыныптан тыс іс- шаралар.
ӘБ-тегі 6 ұстаз сабақ берудегі шеберліктерін шыңдау мақсатында ашық сабақтар үлгісін көрсетті. Әрбір ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде оқытатын пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін,пәнаралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалды кеңінен, тереңінен түсіндіру,оқушылардың танымдылық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып мақсаттарына жетті. Сабақтар өте тартымды, жүйелі өткізілді.Апталыққа толығырақ тоқтала кетсек:
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. «Білім ағашы» стенде оқушылар апталықта өткізілетін шаралар жоспарымен танысып, барлық іс-шараларға белсене қатысуға жолдама алды.
апталық жоспары газет көрмесі
Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді: 19.02.2019 күні 7 - сыныпта Тойлыбай Ж. "Архимет күші" атты ашық сабағы өті. Сабаққа бірнеше пән мұғалімдірі қатысты. Сабақтың мақсаты мен оқушы білуге тиіс икемділік дағдылары сабақ үрдісі кезінде толық жүзеге асырылып отырылды. Оқушылардың өзіндік білім алуларына және өз білім – білік дәрежелерін тексеруіне үлкен көңіл бөлінді. Сабақ әріптестер арасында жоғарғы бағаға ие болды
20.02.2019 күні 7 - сыныпта Молдан Ө. " Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығару" атты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жоғары дәрежеде өтті.
21.02.2019 күні 8 - сыныпта БалпановаС.Р. " Квадраттық функцияның графигі " тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақ та өз дәрежесінде жақсы өтті.
22.02.2019 күні 5 - сыныпта Аймихан М. " Жандандырылған графика" атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында компьютерді қолданып, балаларға барынша толық мәліметтер берілді. Оқушылар өздеріне көпдеген жаңалықтар алып, өздерін жаңа қырынан көрсете білді Сабақ жақсы өтті.
Сонымен қатар, сыныптан тыс жұмыстар: Математика пәнінен
Молдан Ө. 7 - 9 сыныптарда "Математикалық бинго ", Тойлыбай Ж.
«Форд Боярд», сондай - ақ Аймихан М 9 - сыныптарда «ХХІ ғасыр көшбасшысы» және Балпанова С.Р. «Математикалық Брейн - Ринг», атты сыныптан тыс жұмыстар өткізді. Жасалған жұмыстар жоғары деңгейде өткізілді.
Сонымен қартар МИФ онкүндігінің шеңберінде 5 – 8 сынып оқушылары арасында мектепшілік пән олимпиадасы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың зияткерлік қабілетін ашу, өз білімін көрсете білуге, көшбасшы болуға ұмтылуға тәрбиелеу.
Олимпиадаға 5 – 8 сыныптардан 25 оқушы қатысып, соның ішінен 5 оқушының жұмысын жақсы деңгейде жазылған деп бағаланды, сондай – ақ тапсырмаларды жақсы орындаған үшін ауданға жолдама алды. Бұл олимпиадада оқушылар өздерін әртүрлі қырларынан көрсете білді.
Қорытынды:
Хурметбекұлы Ұлықпан, Болатбек Адилет математика пәнінен, Кошиков Амир физика пәнінен, Хажайхан Маралжан жаратылыстану пәнінен, Аудақызы Ырыскул биология пәнінен аудандық пән олимпиадасына қатыстыруға ұсынылды.
Математика, информатика, физика онкүндігі өз дәрежесінде өтті, келешекте оқушыларды математика, информатика, физика сабағында деңгейлеп оқытуға көбірек көңіл бөлінсін деген ұсыныс жасалды.
Мектеп директоры: Шахатова Ж.К.
Бірлестік жетекшісі: Молдан Ө.