 
                                
            Елтай орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекеме
Сынып сағатының жоспары
СЫНЫБЫ: 2
ТАҚЫРЫБЫ: БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ.
МҰҒАЛІМІ: Кожаканова К.Т.
2018 – 2019 оқу жылы
| Күні 13.02.2019 Сынып: 2 | Мектеп | Мұғалім | |
| Тақырыбы | Біз бақытты баламыз | Қатысты- Қатысқан жоқ- | |
| Мақсаты | «Бақыт», «қуаныш», сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру.Адами қасиеттерін дамыту. 
 Барлығы: Оқушылар«Бақыт», «қуаныш», сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсінеді 
 Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды. Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. 
 | ||
| Барысы | Іс-әрекет | Ресурстар | |
| Басы 3 минут | Шаттық шеңбері Қайырлы таң ,достым! Қайырлы күн болсын! Күніміз жарық болсын! Аспанымыз ашық болсын! Амансыз ба, қонақтар! Амансыз ба,әлем! Баршыңызға амандық сәлем! Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады. «Өзін өзі тану» оқулығын не себеппен қолға алғанымыз туралы ойларын ортаға салу.(әр ойдың құндылығын еске салып отыру Слайд С.Назарбаеваның суретін көрсетіп,өмірбаянымен танысу. | Музыка 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 таныстырылым | |
| Ортасы 12 минут | 3 топқа 3 оқиға тарату. 
 1.Мәтінді түсініп оқиды. 2.Топта мәтінді талқылады. 3.Дайындығын тексереді. 4.Қолдарын көтеріп дайын екендігін көрсетеді. 5.Мәтіндерін ортаға шығып , мазмұндайды. 6.Басқа топтардың сұрақтарына жауап береді. 
 | Мәтіндер | |
| Сергіту сәті 5 минут | Оқушылар ортаға шығып екі топқа бөлініп, «Біз бастайық, сіздер аяқтаңдар» ән айту ойнын ойнайды. 
 | Ән жазылған парақшалар | |
| Соңы 5минут | «Бақытты бала» атты флипчарт жасау. Жұмыстарын қорғау | Суреттер,журналдар Ақ парақ А 4, желім,қайшы, маркерлер. 
 | |
| Рефлексия 3минут | Сынып ішінен жасырылған тақырыпқа байланысты қима сөйлемдерді тауып алып, «Біз бақытты баламыз» плакатына әкеліп жапсырады. 
 | Қима сөйлемдер, желім | |
| Кері байланыс | Шеңберге тұрып,сабақты «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.Бағалауын «бір сөйлем» әдісі бойынша түсіндіреді. 
 | музыка | |