Қызылорда қаласына барғанда алған әсерім
Қызылорда қаласына ең алғаш келген күні біз Қорқыт ата мұражайына бардық. Мұражайда көне заманнан келе жатқан аспаптар, заттар сақталған. Әсіресе домбыра, қобыз, құмыралар көздің жауын алады. Сапарымыздың келесі күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы саябаққа бардық. Саябақта әртүрлі гүлдердің хош иісі аңқиды. Осы экскурциямызда ең ұнағаны – Байқоңырды көру. Ол жерде зымырандарды, ғарыштағы ғарышкерлердің киетін киімін, ішетін тамағын,
тұратын жерлерін көрдік. Бұның барлығы мен үшін жаңалық болды. Экскурциямыз Қорқыт атаның мешітіне барумен жалғасты. Кейін Қорқыт атаның кесенесіне бардық. Кесенеде тілек тіледік. Кесененің бір ғажабы –
қобыздың сарыны естіліп түрады екен.
Қызылорда қаласына барып, өз көзіңмен көру – ғажап құбылыс екен. Әсіресе мен үшін көптеген жаңалық болды. Әр күніміз қызықты, тартымды болды. Осындай ғажап қаланы көріп, білгенімді достарыммен бөлістім.
Елтай орта мектебінің
8-сынып оқушысы
Бауыржанұлы Тимур.