«Жақсы кітап – жан азығы»атты
конкурс
4-сәуір күні аудандық мектеп оқырмандары сайысы өткізілді. Сайысқа мектеп
кітапханашысы мен қазақ тілі мұғалімдерінің бірлесіп дайындаған 8- сынып
оқушылары қатысты. Конкурс үш бөлімнен құралды.
1- тапсырма. Сынақ өткізілді, тест
түрінде болды. Тестіге екі оқушы қатысты: Тлекова Елнұр және Хабыл Ербол.
2- тапсырма. «Сүйікті мектеп кітабы» тақырыбында презентация немесе
театрланған көрініс. Біздің оқушыларымыз Тлекова Елнұр, Бердалы Бибинұр, Хабыл
Ербол және Рамазанов Жалғас Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасынан
алынған үзінді көріністі көрсетті.
3- тапсырма . «Оқырман мектеп» атты баннерлік стендті Тлекова Елнұр
қорғады. Міне, осы тапсырмалар бойынша біздің оқушылар белсенді қатысып аудан
бойынша қатысқан 12 мектептен 2- орынға ие болды.
Мектеп кітапханашысы: Хаман
Бибигуль